Қоғам

Қазақстанда оныншы адам коронавирус жұқтырды

Елімізде Covid-19 жұқтырған оныншы адам 1986 жылы туған әйел. Ол Алматыға Стамбулдан жексенбі күні келген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы бір адамда коронавирус анықталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

Елімізде Covid-19 жұқтырған оныншы адам 1986 жылы туған әйел. Ол Алматыға Стамбулдан жексенбі күні келген.

Осымен Алматыда сегіз және елордада екі адамда вирус анықталды.

Бесеуі Германиядан, біреуі Италиядан, бір адам Сеулдан, тағы бір әйел Варшавадан келген. Алайда ол да бұған дейін Германияда болған. Тағы бір әйел Мәскеуден келген қазақстандықтың жұбайы. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 2008 жылы туған қыз да бар. Ол Алматыға Германиядан келген.

Тағы оқыңыз: Үйден жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы өзгере ме – министр жауабы