НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен жылбысқы қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашынсыз. Кей өңірлерде жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.
Өңірлердегі ауа райы
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке, кей кезде екіпін 23-28 м/с-ке жетеді.
Павлодар облысында тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қарағанды, Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ. Күндіз Маңғыстау, Қызылорда облыстарында жел күшейеді.
Алматы облысында Жалаңашкөлде желдің жылдамдығы - 18-23 м/с.
Атырау түнде және таңертең Ақтөбе облыстарында тұман түседі.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада сынап бағанасы плюс 4 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы: түнде 9-14, күндіз 3-8 м/с.
Алматыда 16 наурыз күні +20..22 °C, түнде +4..+6 °C.
Дүйсенбі күні Шымкентте күн бұлтты. Күндіз +24 °C, түнде +8..10 °C.