Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешемді елорданың бас санитар дәрігері қабылдайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз — Sputnik. Қазақстанның астанасында коронавирус жұқтырғандардың саны бес адамнан асқан жағдайда төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешемді елорданың бас санитар дәрігері қабылдайды.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен олармен байланыста болғандардың санына байланысты. Жалпы жағдай мен ауырып қалғандардың саны бестен асқан кезде бұл мәселе қарастырылады", - деді Сәуле Қисықова.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда коронавирус екі қазақстандықтан табылды. Олар ауруханада ем алып жатыр. Науқастармен байланыста болған барлық адам анықталды, билік оларды карантинге жабу мәселесін шешуде.

Жалпы, соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған алты адам анықталды.