Әлем

"30-да сияқты": жеті немересі бар ер адам неге жас көрінетінін айтты - фото

Қазіргі уақытта "жас ата" инстаграмда блог жүргізеді. Өзгелердің дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдана бастауына үлгі болатынына үміттеніп отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. Жеті немеренің атасы, 56 жастағы британиялық Энди Уилкинсон күнделікті өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Daily Mail.

Энди фитнес инструктор болып істейді. Ол жас көрінуінің себебі спорт пен дұрыс тамақтану екенін айтты. Сондай-ақ, ер адам бұл генге байланысты деп отыр. 

"Адамдар стрестен тез қартаяды. Сондықтан көп алаңдамауға тырысамын", - дейді ол. 

Британиялық көп су ішуді ұмытпаған жөн екенін айтты. 

"Сіздер бетке неше түрлі крем жағасыздар, бірақ жақсы тері үшін су аса маңызды", - дейді Энди.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар жас көріну үшін не жеу керек екенін айтты

Қазіргі уақытта "жас ата" инстаграмда блог жүргізеді. Өзгелердің дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдана бастауына үлгі болатынына үміттеніп отыр.