Аңдатпа

Қазақстанда 14 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 14 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 15-29 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз
Sputnik

14 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН 

10.20 - Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов; мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев (Аккредитация +7 (7172) 55-93-47 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

17.00 - Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының "Сиқырлы таяқшаның күші" концерті (Республика даңғылы, 2. Байланыс телефоны +7 (776) 153 79 78).

18.00 – "Жизель" балеті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Арфа аңыздары" концерт-арфотерапиясы (Nomad City Hall, Мәңгілік Ел даңғылы, В2.3).

АЛМАТЫ

09.00 – Көктемгі жарыс 2020 – жүгіруді және салауатты өмір салтын ұнататындар үшін Алматы марафонына дайындық кезеңі өтеді. Көктемгі дарыстың мақсаты: Алматы марафонын танымал ету және дамыту; Алматы марафонының ақтық мәресіне қатысушыларды дайындау; жасөспірімдердің келесі жарыстарға қатысуына қолайлы жағдай жасау; дені сау ұлт қалыптастыру. (Баум тоғайы, Будённый көшесі, 7).

"Весенний Алмакот 2020" халықаралық мысықтар көрмесі. Көрме шеңберінде WCF-ринг, ересектердің WCF-рингі, жасөспірімдердің WCF-рингі, шоу өтеді (кемінде 10 ұпай жинаған жағдайда): LH-SLH, SH-SIA / ORI-HL, Males, Fameles, Tabby, Solids; Бір тұқымды мысықтардың шоуы: Bengal, British, Maine Coon, Scottish, Siberian(Forum сауда және ойын-сауық орталығы, Сейфуллин даңғылы, 617. Байланыс телефоны: +7 701 783 56 05).

13.00 – "Жас қаламгерлер лигасы" әдеби шоуы (Jibek joly БО,Жібек жолы даңғылы, 135)

15 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - Astana Science Festival 2020. Оны жастар арасында ғылымды дәріптеу үшін Chevron Kazakhstan қолдауымен Британ кеңесі, OYLA журналы, Назарбаев Университеті және Ғылым қоры өткізеді. Фестиваль Science Stars (орыс және қазақ тілдерінде) және FameLab Kazakhstan (ағылшын тілінде) ғылыми коммуникациялар сайыстарының ұлттық финалына қатысатын 10 оқушы мен 10 жас ғалымның үш минуттық презентацияларынан басталады. Жоғары сынып оқушылары мен университет студенттері 3D-баспаны күнделікті өмірде қолдану, құстарды бақылау, экологиялық қауіпсіз әдеттерге дағдылану, климаттың өзгеруі туралы жаңалықтарды оқу, Nature мен OYLA журналына мақалалар жазу және 2020 жылы және одан кейінгі кезеңдерде ғарышты игеру туралы дәрістерге қатыса алады. Көрме-жәрмеңкеде орта және бастауыш сынып оқушылары слайм жасау, роботтар құрастыру, Алексей Иванченкомен ғылыми тәжірибелер жүргізу, Менделеев кестесінің 150 жылдығын атап өту және Назарбаев Университетінде жасалған соңғы инновациялармен танысу арқылы "ғылымға жақындай алады" (Назарбаев Университеті. Байланыс телефоны: +7 (727) 222 13 20).

18.00 - "Көктем әуенімен үндескен" концерті. Айнұр Камалова (арфа), Зынхар Ахметбек (скрипка), Наталья Керносова (фортепиано), Ислам Әлиев (гобой), Балнұр Құдайберген, Айжан Ермұханова, Талшын Кешілбаева (скрипка), Олеся Морозова, Саид Мамиев (альт), Нұрисламбек Жұматов, Мағжан Сағади (виолончель). Жетекші – Ақерке Әли. ("Астана Опера" театры).

АЛМАТЫ

10.00 – "Central Asia Fashion" көрмесі (Атакент ҚІЫО, Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефоны +7727 3527074).

16 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Корей мәдениеті күндері аясында "DMZ: қарусыздандырылған аймақ" фотокөрмесінің ашылуы. Көрмеде 24 фотожұмыс ұсынылады. Көрме 2 мамырға дейін жұмыс істейді. (Корей мәдениет орталығы, Иманов 13 көшесі).

АЛМАТЫ

10.00 - "Homedeco Казахстан" 14-ші халықаралық тоқыма, интерьер дизайны және үй заттары көрмесі. (Атакент ҚІЫО, Тимирязев көшесі, 42).

16 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – "Көлік секторында шешімдер қабылдау. Алматы және басқа қалалардың тәжірибесі" тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Шараны Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Urban Forum Kazakhstan ұйымдастырады. Көлік мамандары Алматыда көлік саясаты саласында қабылданған шешімдердің қисындылығын түсіну үшін қала әкімшілігі тұрақты ұтқырлықты арттыру және қалалық көліктің шығарындыларын азайту бойынша қандай шаралар қабылдап жатқанына талдау жасайды.Талдау авторлары Алматының жергілікті тәжірибесін дамыған және дамушы елдердің үлгілерімен салыстырды. Кездесудің негізгі мәселелері: көліктің қала экологиясына әсері; Алматыны көліктік бағдарлау тұрғысынан жоспарлау: жерді пайдалану мен құрылыс салу кезінде не болады; қалаға кіруді шектеудің өзектілігі, көлік пен шығарындылар деңгейі төмен аймақтарды экологиялық таңбалау (Қазақстан баспасөз клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58. Байланыс телефоны: +7 7472622063).  

19 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған "Шәмші әлемі" концерт-қойылымы. Жоба авторы - композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, "Болашақ" бағдарламасының түлегі (Juilliard school, Нью-Йорк, АҚШ). Барлық ән "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқалады. Қойылымның режиссері – Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі шоуын және басқа да фестивальдер мен концерттерді қойған Андрей Еремин (Украина). ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

21 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Ұлы дала мұрасы" концерттік бағдарламасы ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

22 наурызға жоспарланған шаралар

14.00 – Гик-мәдениетке арналған Geek Time Fest 2020 фестивалі (Grand Park ойын-сауық кешені, Қабдолов көшесі, 1).

25 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Ербол Байырбековтің "Сен маған сүюді үйреттің" атты шығармашылық кеші ("Алатау" концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).

29 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблінің "Әз-Наурыз келгенде" концерті ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.