Спорт

Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді

Төрешілер жеңісті бірауыздан Мирзахалиловқа берді. Алайда Теміржанов бұл жеңілісіне қарамастан, Олимпиадаға лицензиясын сақтап қалады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Иорданиядағы олимпиадалық квалификациялық турнирде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол жартылай финалда тәжірибелі өзбекстандық боксшы Миразизбек Мирзахалиловпен кездесті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мирзахалиловқа берді. Ол қазақстандық боксшыны үшінші раундта нокдаунға жіберді.

Еске сала кетсек, Теміржанов бұл жеңілісіне қарамастан, Олимпиадаға лицензиясын сақтап қалады.  

Серік Теміржанов ақпан айында Мажарстанда Иштван Бочкаиді еске алуға арналған турнирге қатысып, үздік боксшы атанған болатын.

Тағы оқыңыз: Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды

Ал өзбекстандық қарсыласы 2019 жылы әлем чемпионатында, Азия чемпионатында және 2018 жылы Азия ойындарында жеңіске жетті.