Әлем

Үйдің кіреберісінде өлі табылған жасөспірімнің анасы трагедия туралы айтты

Пәтердің судьяға тиесілі екені хабарланып отыр. Екі жасөспірім арасында жанжал болмағаны айтылды, тергеу жүріп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы үйдің кіреберісінде жасөспірімнің денесі табылды. Оның басына оқ тиген. Анасы трагедия жазатайым оқиға деген ойда.

Оның айтуынша, оқиға ішімдік немесе есірткімен байланысты емес. Ол баласы мен оқ атқан жасөспірімнің арасында жанжал болмағанын айтып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

"Менің балам жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды", - деді әйел.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, үш жасөспірім пәтерде туған күн тойлаған. Белгісіз себеппен олардың біреуі досының басына оқ атқан. Кейін оның денесін кіреберіске шығарып қашып кеткен.

Тағы оқыңыз: Жоғалған оқушы қыздар Алматыдағы жалдамалы пәтерден табылды

Пәтер судьяға тиесілі екені хабарланып отыр.