Әлем

Мас әртіс әуежайда ыңғайсыз жағдайға қалды – оқиғаның мән-жайы

Әртіске ұшаққа отыруға рұқсат берілген жоқ. Алайда жанжал шығармағаны үшін оған айыппұл салынбағаны хабарланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Ресейлік әртіс Михаил Ефремов әуежайда ыңғайсыз жағдайға қалды. Бұл туралы AirBaltic әуе компаниясына сілтеме жасап "Пятый канал" хабарлады.

Мас әртіс әуежайда ыңғайсыз жағдайға қалды – оқиғаның мән-жайы

Әртіс Санкт-Петербург қаласының "Пулково" әуежайынан Ригаға ұшпақ болған. Алайда әуе компаниясының өкілдері оның мас екенін көрген.

Михаил Ефремовке ұшаққа отыруға рұқсат берілген жоқ. Бірақ әртіс жанжал шығармады. Сондықтан оған айыппұл салынбаған.

Тағы оқыңыз: "Мақтаншақ": әйелі мен келініне қымбат сыйлық тарту еткен әртіс сынға ұшырады

Михаил Ефремов ресейлік театр және кино актері, тележүргізуші. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі.

Актердің пиар-директоры түсініктеме беруден бас тартқан.