НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Белгілі қазақстандық боасшы, IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде тұңғыш ұлының суретін бөлісті. Ол отбасымен АҚШ-тағы "Диснейлендке" барған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
6 наурыз күні GGG екі фото бөлісті. Олардың бірінде Головкин үлкен ұлы Вадиммен түскен.
"Отбасымен өткізген уақыт ең керемет", – деп жазды чемпион.
Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Танымал қазақстандық боксшы отбасымен бірге түскен суреттерін желіге өте сирек салады. Геннадийдің әйелі Алина Головкина екені белгілі. Олар 2007 жылы Қарағандыда отбасын құрған. Қазіргі уақытта Лос-Анджелес қаласында тұрады. Екі баласы бар.