Қоғам

Синоптиктер 8 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет демалыс және мереке күндеріндегі ауа райына болжам ұсынды, республиканың бірқатар өңіріне суық антициклон тарайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің болжамынша, алдағы тәуліктерде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста арктикалық ауа ағымдарының өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады, әсіресе, қар жауады. Бірақ республиканың солтүстік және батыс облыстарына ығысқан суық антициклон қалған аумақтарға да тез тарайды.

"Сондықтан 8 наурыз мереке күні Қазақстанда күн салқын, ала бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Дүйсенбі күні елдің батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа массалары ығыса бастайды. Соның әсерінен республиканың қалған аумағында да күн жылынады", - деді синоптиктер.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 7 наурызда күн ашық, түнде -17℃, күндіз -8℃.
  • 8 наурызда күн бұлтты, түнде -13℃, күндіз -3℃.
  • 9 наурызда күн бұлыңғыр, түнде -7℃, күндіз 0℃.
  • 10 наурызда күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде -6℃, күндіз +1℃.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда наурызда ауа райы қандай болады

Алматы

  • 7 наурызда күн бұлыңғыр, қар жауады. Түнде +1℃, күндіз -5℃.
  • 8 наурызда ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -10℃, күндіз -1℃.
  • 9 наурызда күн ашық, түнде -6℃, күндіз +3℃.
  • 10 наурызда да күн ашық, түнде -3℃, күндіз +4℃.

Шымкент

  • 7 наурызда күн ашық, түнде +1℃, күндіз +3℃.
  • 8 наурызда күн бұлтты, түнде -3℃, күндіз +7℃.
  • 9 наурызда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде -1℃, күндіз +10℃.
  • 10 наурызда күн ашық, түнде +1℃, күндіз +11℃.