Қоғам

Әкімдік Нұр-Сұлтанда коронавирус тіркелді деген ақпаратты жоққа шығарды

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан астанасында коронавирус жұқтырғандар жоқ екенін мәлімдеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қысықова әлеуметтік желілерде тараған елордада коронавирус тіркелген болуы мүмкін деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар жоқ", - деді Қысықова баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы азаматтарды алдағы мерекелер мен демалыс күндері санитарлық дәрігерлердің ескертуіне құлақ асуға шақырды. Сондай-ақ, аурудың алдын алу жөніндегі ұсыныстарды сақтау қажет екенін ескертті.

Оның сөзіне қарағанда, білім және ғылым министрлігі білім беру мекемелерінде профилактикалық шаралар өткізуді ұсынған. Осыған орай, мектепішілік іс-шараларды өткізу мен қалалық шараларға қатысуды шектеген жөн.

Тағы оқыңыз: Коронавирусты кімдер өте сирек жұқтыратыны белгілі болды

Айта кетейік, бүгінгі таңда қала бойынша 190 мың оқушы бар.

Мекемелерде мерекелік іс-шаралар мен таңертеңгіліктер ұйымдастырылады, бірақ олар ата-аналардың қатысуынсыз өтеді. Дәрігерлер түсіндіруінше, мұндай шаралар респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудан сақтану үшін қажет.