НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. 7, 8 наурыз күндері Нұр-Сұлтандағы "Аспан базар" сауда үйінде өңірлік ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде тауарлар республиканың Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарындағы өндірушілердің бағалары бойынша ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Министрлік азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа әдісін ойлап тапты
Атап айтсақ, картоп, пияз, сәбізді 85 теңгеге, қырыққабатты 100 теңгеге, сиыр етін 1700-1800 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар.
Жәрмеңке наурыз-сәуір айларының соңына дейін аптаның әр сенбі, жексенбісінде өтеді. Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 556978, 556899.