НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Елордада жалған ақша шығарумен айналысатын цех анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Департаменттің бірінші тергеу басқармасының басшысы Болат Қамитовтың айтуынша, ер адам техника сатып алып, үйінде жасырын цех ашқан. Осылайша, бес және он мыңдық жалған купюралар шығарып отырған. Оқиға өткен жылы болыпты.
"Ол адам жалған ақшаны дүкендер мен базарларда таратуға тырысқан. Қолға алынған шаралардың арқасында кінәлі адам ұсталды. 150 мың теңге жалған ақша айналымнан шығарылды", деді ол астанада өткен брифингте.
Тағы оқыңыз: Бұрынғы басқарма төрағасының қылмысы әшкере болды
Айтуынша, елордалық жалған купюраларды бір ай бойы таратқан. Сот үкімімен елорда тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды.