Қоғам

Нұр-Сұлтанда бір тоннадан астам қауіпті мандарин өртелді

Комсток сымыры зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан және басқа да көкөністерді зақымдайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары Грузия елінен әкелінген мандариндердің ірі партиясын өртеп жіберді. Жемістен қауіпті зиянкес табылған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда тонналаған түрік анары өртелді

Министрліктің ресми сайты хабарлағандай, елордалық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік зиянкестер таралып кетпеуі үшін 1 210 килограмм қауіпті мандаринді тәркілеп, экополигон аумағында өртеді.

Нұр-Сұлтанда бір тоннадан астам қауіпті мандарин өртелді

Сонымен қатар, аталмыш факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, Комсток сымыры зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, долана, катальпа, цитрустар, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да көкөністерді зақымдайды. Комсток сымыры таралған кезде өсімдіктер жаппай қурап қалады.