НҰР-СҰЛТАН, 29 ақпан – Sputnik. “Гарант-24” және “Выгодный займ” компанияларының жетекшілері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстандық құқық қорғау органының қызметкерлері “Гарант-24” ЖШС жетекшісі Аслан Мұрзабековтың қайда жасырынғанын анықтады.
Ол 21 қаңтар күні Ақтөбеден Орынборға барған. Кейін Мәскеуге кетті. Мәскеуден Кишинев қаласына аттанған.
Қазақстандық тараптың арнайы сұрауы бойынша молдавиялық полиция Мұрзабековты ұстады.
Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті материалдар Молдованың құзырлы органдарына жіберіледі.
Тағы оқыңыз: "Ақшаларыңды қайтармаймын": Ломбард басшысы халықты қалай алдағаны белгілі болды
Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей шекарасында “Выгодный займ” ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Бұл іске қатысты барлығы 16 адам ұсталды. Тоғыз жетекшісі әлі іздестірілуде.
Еске сала кетсек, азаматтардың шағымы бойынша “Гарант 24 Ломбард”, “ESTATE Ломбард” және “Выгодный займға” қатысты алаяқтық және қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр.