Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда сұмдық қылмысқа барған әйел ұсталды

Өз баласын өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды. Ол екіқабат болғанын жасырған. Баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Обуховка ауылында өз баласын өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды. Ол нәрестенің денесін полиэтилен пакетке салып, ауладағы үй-жайға жасырған.

Полицейлердің айтуынша, әйелдің туыстары оның аяғы ауыр екенін білмеген. Ол бұл жайтты жұрттан жасырған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Нәрестенің өлімі туралы әйел ауруханаға түскен кезде белгілі болды. Ол дәрігерлерге түсік болғанын айтыпты. Алайда оқиға орнына жеткен полицейлер сәбидің пакетке оралған денесін тапты.

Полицейлердің айтуынша, сәбидің денесінде зорлық-зомбылық белгісі болған. Өзге ақпарат айтылмайды. 

Тағы оқыңыз: Таксистке шабуыл жасаған жолаушы әйел видеоға түсіп қалды

Күдікті 1992 жылы туған. Қазіргі уақытта ол аудандық ауруханада жатыр. Сәбидің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.