Оқиға

Өскеменде шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ отқа оранды – видео

Әлеуметтік желілерде санитарлық авиация ұшағының отқа оранған сәті түсірілген видео тарай бастады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. "Орлан 2000" әуе компаниясының "АН-2" ұшағы Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде шұғыл қонды. Ұшақ бортында 5 адам болған, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе кемесі Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша санитарлық тапсырманы орындау үшін көкке көтерілген.

Жергілікті уақытпен сағат 12:50-де экипаж мүшелері қозғалтқыштағы төтенше жағдай туралы хабарлайды.

"Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым қашықтықта ұшақты қондыру жөнінде шешім қабылдады. Бортта 5 адам болды - 3 экипаж мүшесі мен 2 жолаушы. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ведомствоның баспасөз мәлімдемесінде.

Ал төтенше жағдайлар комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға Прапорщиково ауылынан 10 шақырым жерде болған. АН-2 ұшағының қозғалтқышынан ақау шығып, ол әуежай маңында шұғыл түрде қонады. Бір ұшқышқа медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр.

Өскеменде шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ отқа оранды – видео

Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.