Оқиға

Көліктің быт-шыты шыққан: Ақтөбе облысында төрт адам көз жұмды

Жантүршігерлік жол апаты "Самара – Шымкент" тас жолында 23 ақпан, жексенбі күні болды, КамАЗ қарсы бетке шығып кеткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 23 ақпан күні "Самара – Шымкент" тас жолының 915 шақырымында болды.

Көліктің быт-шыты шыққан: Ақтөбе облысында төрт адам көз жұмды

39 жастағы "КамАЗ" жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Sharan көлігімен соқтығысты.

Көліктің быт-шыты шыққан: Ақтөбе облысында төрт адам көз жұмды

Салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға түсті.

Төрт адам оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды өтінеді.