Нұр-Сұлтанда Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғы қойылды

Сенбі күні таңертең дипломаттар мен ардагерлер Ұлы Отан соғысының батырларын еске алу үшін Панфилов ескерткішінің маңына жиналды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Елордадағы "Жерұйық" саябағында генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Ресей елшілігі, Сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, "Ростех" мемлекеттік корпорациясы мен Кеден қызметінің қызметкерлері Кеңес Одағы батырының ерлігін құрметпен еске алды.

Нұр-Сұлтанда Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғы қойылды

Гүл шоғын қою рәсіміне Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстандағы соғыс ардагерлері, Қазақстан қорғаныс министрлігінің, елорда әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның Қазақстандағы елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды.

Нұр-Сұлтанда Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғы қойылды

"Бүгін біз өз өмірін қатерге тігіп, Мәскеуді қорғап қалған батырлардың ерлігін құрметпен еске алып отырмыз. Егер де 1941 жылы панфиловшылар Мәскеуді, біздің Отанымызды қорғап қалмағанда, 1945 жылы жеңіске жетпейтін едік десем артық айтқандық болмас", - деді Ресей елшісі.

Нұр-Сұлтанда Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғы қойылды

Гүл шоғын қою рәсімі Ресей мен ТМД-ның бірнеше елінде мерекеленетін Отан қорғаушылар күні өтті. Бұл мереке жыл сайын Ресейде 23 ақпанда тойланады.

Қазақстанда 23 ақпан мереке ретінде саналмаса де, елде бұл күнді атап өту дәстүрі сақталған.

Алексей Бородавкин қазақстандықтарды құттықтады.

"Қымбатты достар, мен сіздерді Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтаймын. Биыл біз бұл мерекені ерекше жағдайда атап өтіп жатырмыз. Өйткені 9 мамырда біздің елде, бауырлас елдерде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы кеңінен мерекеленеді", - деді ресейлік елші.

Панфиловшылардың ерлігі

1941 жылы шілдеде Иван Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасақтай бастады. Қазан айында дивизия Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады.

1941 жылы 16 қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі Василий Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен төрт сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 18 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты.

Тағы оқыңыз: Путин өзін таңғалдырған тарихи дерек туралы айтты

Иван Панфилов 1941 жылы 18 қарашада Мәскеу облысы Гусенево ауылында мина жарықшағынан қаза тапты.

Елордада Иван Панфиловке арналған ескерткішті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ашты.