НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров "Тайсон" деген лақап атпен танымал мексикалық Рикардо Адриан Луна Флорестен басым түсіп, кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады sports.kz.
Жекпе-жек Канаданың Римуски қаласында өтті. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа созылды, оның нәтижесі бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабыровқа берді.
Жеңілмеген 26 жастағы қазақстандық осымен 11-ші жеңісіне қол жеткізді (оның тоғызын мерзімінен бұрын аяқтаған).
Оқи отырыңыз: Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды
Флорес 22 кездесуде жеңіске жетіп (14 нокаут), сегізінші рет жеңіліп отыр және бір жекпе-жекте тең түскен.
BoxRec сайтының мәліметінше, Нұрзат Сабыров Қазақстанның үздік 10 боксшысының қатарына енген.