Өңірлер

Тараздық дәрігерлер ота жасау барысында күтпеген жағдайға тап болды  

Дәрігерлер тексере келе науқастың асқазанында бөгде заттың бар екенін анықтаған. Оған дереу ота жасап, нығыздалған шашты алып шыққан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Тараздық дәрігерлер 13 жастағы науқастың асқазанынан салмағы 1 келі 200 грамм болатын нығыздалған шашты алып шықты.

Жасөспірімнің іші ауырып, асқа деген тәбеті жоғалған. Мұны байқаған ата-анасы алғашында дәрімен емдемек болыпты. Жағдай қиындаған соң қалалық балалар ауруханасына алып келген, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Дәрігерлер тексере келе науқастың асқазанында бөгде заттың бар екенін анықтапты. Оған дереу ота жасап, нығыздалған шашты алып шыққан. Мамандар мұндай мөлшердегі шаш 5-6 жылда жиналуы мүмкін емес деп отыр.

Ақтауда қыздың ішегінен бір уыс шаш пен ине шықты

Айта кетейік, дәл осындай жағдай аймақта 5 жыл бұрын тіркелген болатын. Ол кезде 11 жастағы қыздың асқазанынан шығарылған еді.

"Бұл баланың кішкентай кезінен қалыптасқан әдеті. Тырнағын тістейді. Кейбір балалар шашын аузына салып жүреді. Сол әдетпен қалыптасады. Ол нақты бір потология деп айту өте қиын", - дейді облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Маулім Кенжалы.