Өңірлер

Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды

Аудан әкімі жерлестерінен жасөспірімді іздеуге көмек сұраған болатын. Ол өзінің үндеуін әлеуметтік желіде жариялады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы жасөспірімді іздестіру жұмыстары 20 ақпаннан бастап жүргізілген. Оқушы аман-есен табылды, қазір үйінде.

"Баланың жағдайы жақсы, дін аман, түнде ата-анасына тапсырылды. Бала қаланың төменгі бөлігінен табылды", - деп хабарлады департаменттегілер.

Айта кетейік, жасөспірімді іздеуге полициядан бөлек 1500-ден астам ерікті жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Әкім әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады

Бұған дейін Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарынан 14 жастағы оқушыны іздеп табуға көмек сұраған болатын.