Сауалнамаға қатысқан поляктардың көпшілігі (65%) 1945 жылы фашистік оккупациядан босатқаны үшін Қызыл әскерге ризашылығын білдірді.
Поляк басшылығының екінші дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО-ның рөлін төмендетуге тарысқанына қарамастан, респонденттің 73%-ы Освенцимдегі лагерьді Кеңес әскерінің азат еткенін біледі.
Sputnik сауалнамасына 18 жасқа толған 1000 респондент қатысты.
Биыл "Аушвиц-Биркенау" ажал лагерінің азат етілгеніне 75 жыл толды. Лагерь 1945 жылдың 27 қаңтарында Коневтің басқаруындағы әскер күшімен босатылды. Осыдан 15 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 27 қаңтар халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Лагерьдің азат етілгеніне 75 жыл толуына орай өткен еске алу шараларына бұрын тұтқында болғандар, 56 мемлекет пен 6 халықаралық ұйымнан келген делагация, дипломаттар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан басқарды.
Поляк саясаттанушысы Матеуш Писорскидің пікірінше, Польша билігі "Варшаваны азат ету" сөзінен гөрі "оралу" сөзін қолдануға тырысады. Оның айтуынша, бұл Кеңес әскерін ғана емес, сонымен бірге қаланы азат етуде үлкен үлес қосқан поляк әскерін құрметтемеу.
Варшава Висло-Одер операциясының бесінші күнінде азат етілді. 1945 жылдың 17 қаңтарында Кеңес әскері нөмірі бірінші Польша әскерімен бірге Польша астанасын азат етті.
Ресей әскери тарихшыларының айтуынша, Варшаваны азат ету жолында 200 мыңға жуық Кеңес сарбазы қайтыс болған.
Қазақстандағы поляктар
1936 жылдың сәуірінде Иосиф Сталиннің бұйрығымен Украинада тұратын поляктар Қазақстанға жер аударылды. Иоахим Лелевель қорының мәліметі бойынша, қазір Қазақстанда 35 мыңға жуық поляк тұрады.
Ең ірі поляк диаспорасы - Солтүстік Қазақстанда. Олар – тоталитаризм жылдары жер аударылған поляк отбасыларының ұрпақтары. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан аумағында генерал Андерстің басшылығымен поляк әскерінің жеке құрамы құрылған.