НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Шымкент және Түркістан облысының полиция департаменті, сондай-ақ Ұлттық ұлан гарнизондары қарумен қашып кеткен әскери қызметшіні іздеуге шығарылды, деп хабарлады ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов.
"Ішкі істер министрлігі жедел әрекет етті. Тергеу тобы дабыл қағылған алғашқы минуттан бастап бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. Қылмыскерді іздестіруге Шымкент және Түркістан облысының полиция департаменттері мен Ұлттық ұлан гарнизондары тартылды", - деді Саданов журналистерге.
Бейсенбі күні Шымкент маңындағы әскери бөлімдердің бірінен келісімшартпен қызмет еткен кіші сержант қашып кеткені белгілі болды. Қаруды сақтау бөлмесінде бірнеше қару жоғалған.
Желіде кезекшінің көмекшісі таңғы 4-те кезекшілік кезінде қару ұрлап, бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Мәтінде "Перехват" жоспары жүргізіліп жатқаны айтылған.
Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрі дабыл қақты: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді
Әскери қызметші отыз АК-74, жиырма жеті 9 мм ПМ (Макаров тапаншасы), АК патроны (420), Макаров тапаншасының патроны - 48, ПМ травматикалық тапаншасын (1, 24 патрон) қолды еткен.