Өңірлер

"Қордай" өткізу бекетінде шектеу енгізілді

20 ақпаннан бастап Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы ірі өткізу пунктінде шектеу енгізілді
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 ақпан — Sputnik. "Қордай" өткізу бекетінде ауқымды қайта құру жұмыстарының басталуына байланысты адамдар, көліктер мен тауарларды өткізу шектелді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

Шектеулер 2020 жылдың 20 ақпанының түн ортасынан бастап енгізілді.

Тағы оқыңыз: Қордайдағы қақтығыс: қылмыстық істердің саны 90-ға жетті

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қайта құру жұмыстары аяқталғанға дейін мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан және Қырғызстан азаматтары ғана жаяу өте алады. Өткізу уақыты сағат 06.00-ден сағат 24.00-ке дейін. Азаматтар шағын қолжүкпен ғана өткізіледі.

Ведомство шетелдік азаматтар, көліктер, жүктер мен тауарлар иелеріне Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы басқа өткізу пунткерінен өтуге кеңес берді.

Келесі халықаралық өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істейтін болады:

  • "Қарасу" автожол (Қазақстан) – "Ақ-Тілек" автожол (Қырғызстан);
  • "Сыпатай Батыр" автожол (Қазақстан) – "Чалдыбар" автожол (Қырғызстан);
  • "Айша-Бибі" автожол (Қазақстан) – "Чон-Капка" автожол (Қырғызстан);
  • "Кеген" автожол (Қазақстан) – "Каркыра" автожол (Қырғызстан);
  • "Меркі" теміржол (Қазақстан) – "Қайынды" теміржол (Қырғызстан).

Бұған қоса, шекарадан екі жақты пунктер арқылы өтуге болады:

  • "Сартобе" автожол (Қазақстан) – "Токмок" автожол (Қырғызстан);
  • "Ауқатты" автожол (Қазақстан) – "Кен-Булун" автожол (Қырғызстан).