НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Кездесу барысында бірқатар маңызды мәселе талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Атап айтсақ, президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды", - делінген ақпаратта.
Қазақстан президенті "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғамды тартудың, "Ашық үкімет" қағидаттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.