НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан — Sputnik. Ресейлік тележүргізуші Дмитрий Дибров өзінің ауруханада екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Дибров эпилепсия ұстамасымен "Октябрь" кинотеатрынан ауруханаға шұғыл жеткізілгенін хабарлаған болатын.
Оның айтуынша, қорқатын еш нәрсе жоқ.
"Дәрігерлер тексерді. Кардиограмма, МРТ жасалды. Бәрі жақсы. Жас келді деген осы", — деді ол.
Тағы оқыңыз: "Қайтем жасырып..." Танымал әнші бес әйелі барын ашық айтты - видео
Тележүргізушінің өкілі Табриз Шахиди бұқаралық ақпарат құралдарында жазылған диагноз расталмағанын жеткізді.