Қоғам

Назарбаев қазақ халқының қанша жылдық тарихы бар екенін айтты

Елбасы қазақ халқының тарихы ғұндардан бастау алып, екі мың жылға жалғасатынын және оны терең зерттеу қажеттігін атап өтті  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылы айтқан қазақ халқының тарихы туралы сөзін әлеуметтік желіде жариялады.

"Менің замандастарым, одан кейінгі ұрпақ қазақ тарихы Қазан төңкерісінен басталады деп есептедік. Біз үшін қазақтың басқа тарихы болмағандай еді. Алайда қазір оны терең зерттеуіміз қажет", - дейді Елбасы.

Назарбаевтың пайымдауынша, біздің ата-бабамыз – ғұндар, одан жақындау келсек – Ұлы Түрік қағанаты.

"Біздің жеріміз әрқашан сол мемлекеттердің орталығы болған. Сондай-ақ, Алтын Орда мемлекеті бар. Осының барлығын қорытындыласақ біздің тарихымыз екі мың жылға жалғасады. Алуан түрлі заманды бастан өткере отырып, біз өз тілімізді, дінімізді және өзіндік ерекшелігімізді сақтай алдық. Біз жастарымызды осы рухта тәрбиелеуіміз керек", - деп түйіндеген Нұрсұлтан Назарбаев.