Қоғам

Қазақстандықтарды алаңдатқан мәселе министрді де айналып өтпеді

15-16 ақпан күндері елімізде Youtube, Google, Telegram мен өзге де желілер жұмыс істемеген болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев демалыс күндері интернеті дұрыс істемегенін жасырмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

15-16 ақпан күндері қазақстандықтар әлеуметтік желі мен мессенджерлерде интернет және ұялы байланыстың жұмысына жаппай шағымданған еді. Youtube, Google, Telegram мен өзге де желілер жұмыс істемеді.

"Иә, менде де ақаулар болды", - деп қысқа ғана қайырды Дәурен Абаев үкімет кулуарында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен демалыс күндері Мюнхенде жұмыс сапарымен жүрген болатын. Десе де, мемлекет басшысы Қазақстандағы ғаламтор мәселесіне қатысты тапсырма берді.

Тоқаев барлық ақпарат ресурсының жұмысын қалпына келтіруді тапсырды. Осыдан кейін ғана ресурстардың жұмысы біртіндеп қалпына келе бастады.