Оқиға

Қарағанды облысында көмір шахтасы өртенді

Өрт 100 метр тереңдікте болды. Өрт кезінде шахтада 116 адам болған. Олар шұғыл түрде эвакуацияланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Өрт Қарағанды облысы Шахтинск қаласының маңында орналасқан көмір шахтасында, 100 метр тереңдікте болды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

"Өрт кезінде шахтада 116 адам болған. Олар сыртқа эвакуацияланды", - деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Оқиға 15 ақпан күні сағат 21:30-да тіркелген. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру қызметінің 60 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған. Шахта "АрселорМитталТеміртау" АҚ-қа тиесілі.   

Тағы оқыңыз: "50 жасты қайтарсын": қарағандылық шахтер үкіметке өтініш айтты