Оқиға

Атырауда бес қабатты үй отқа оранды - видео

Өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді, олар тілсіз жаумен екі сағат күресті. Полиция қызметкерлері үйді қоршауға алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Атырауда бес қабатты үйден өрт шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 15 ақпанда сағат 17:22-де Өтемісов көшесіндегі бес қабатты үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің шатыры толық жанып жатқан. Мамандар бірден 30 тұрғынды қауіпсіз жерге көшіреді.

"Сағат 19:18-де 600 шаршы метр аумақтағы өрт ауыздықталды. 19:28-де өрт сөндірілді", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге 35 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үйдің аумағын қоршауға алды.

Атырауда бес қабатты үй отқа оранды - видео