НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде жол апаты салдарынан автобус аударылып, 26 адам ауруханаға жатқызылды.
Апат сенбіде шамамен сағат 9.40-та болған. Жұбанов-Сейітов көшелерінің қиылысында бағдардағы автобус пен такси соқтығысқан. Салдарынан автобус аударылып кетті.
"Автобустың жиырма алты жолаушысы – 19 әйел және жеті ер адам Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді", - деп жазды Polisia.kz.
Жол апаты фактісі бойынша тергеу басталды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін көктайғақ кезінде жолдарда ұқыпты болуға шақырды. Жүргізушілер жылдамдық режимін қатаң сақтап, арақашықтықты ұстауы қажет.