Өңірлер

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Республиканың солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, қатты жел соғады деп болжанып отыр, оңтүстікте де ауа райы жауын-шашынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстанның оңтүстік жартысында күн бұлтты, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Мұндай ауа райы Орталық Азиядан ығысатын циклонмен байланысты.

"Ал Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен республиканың солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан қатты жел соғады. Ауа температурасы жексенбіден бастап аздап төмендейді, осылайша ақпан айының орташа көпжылдық мәніне жақын болады", - делінген хабарламада.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 15 ақпанда күн бұлыңғыр, түнде -7℃, күндіз -4℃.
  • 16 ақпанда күн бұлтты, қар жауады, түнде -8℃, күндіз -6℃.
  • 17 ақпанда аздаған қар жауады, түнде -7℃, күндіз -5℃.

Алматы

  • 15 ақпанда күн ала бұлтты, түнде -2℃, күндіз +4℃.
  • 16 ақпанда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, түнде +1℃, күндіз +1℃.
  • 17 ақпанда күн бұлыңғыр, түнде -4℃, күндіз +1℃.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар жылы қыстың салдары туралы айтып берді

Шымкент

  • 15 ақпанда күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, түнде +4℃, күндіз +8℃.
  • 16 ақпанда жабысқақ қар жауады, түнде +1℃, күндіз +4℃.
  • 17 ақпанда күн бұлыңғыр, түнде -3℃, күндіз +4℃.