Өңірлер

Оралда оқушының соңынан үйге кірген қаскөй күтпеген жағдайға тап болды - видео

Жанұшыра айғайлаған қыздың дауысын естіген көршілері дер кезінде көмектесіп, полиция шақырған. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адам мектеп оқушысына шабуыл жасаған.

Оқиға 13 ақпанда болды. Оқушымен бірге подъезге кірген қаскөй қызға тап берген. Оқиға бейнебақылауға камерасына түсіп қалды.

Видеодан қолына пакет ұстаған ер адамның мектептен шыққан қыздың соңынан келе жатқанын көруге болады.

Жолда қолындағы пакетін тастап, қыздың артынан подъезге кіреді.

Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Видео авторының айтуынша, подъезд есігі жабылғаннан кейін ер адам оқушыға тап берген. Баланың жанұшыра айғайлаған дауысын естіп көршілері сыртқа шығады. Олар қызды қаскөйден аман алып қалды, деп жазды "Уральская неделя" басылымы.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

Балаға шабуыл жасаған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты