Әлем

Таксистке шабуыл жасаған жолаушы әйел видеоға түсіп қалды

Видео әлеуметтік желілерде таралып кетті. Әйелдің фитнес орталықтардың біріне асыққаны белгілі болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Ресей астанасында такси жүргізушісін соққыға жыққан әйел видеоға түсіп қалды.

Жүргізуші әйелді баратын жеріне апарудан бас тартқан. Бұл әйелдің ашуына тисе керек. Ол өз-өзін ұстай алмай, жүргізушіні ұра бастады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Видео Telegram каналдардың бірінде жарияланған. Әйелдің: "Мені апар, мені адамдар күтіп отыр", - деп айқайлап жатқанын естуге болады.   

Ол жүргізушіге қоқан-лоқы көрсетіп, телефонмен біреулерге хабарласып, көмекке шақыра бастады. Ал таксист болса, дауыс көтермей, әйелді апармайтынын түсіндірмек болды. 

Тағы оқыңыз: Алматыда такси жүргізуші косметологты не үшін өлтіргені белгілі болды

Әйелдің фитнес орталықтардың біріне бара жатқаны хабарланып отыр. Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз.