НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Өзбекстанның Халық әртісі Юлдуз Усманова концертіне баламен келген әйелді залдан қуып шықты.
Оқиға әртістің қызының жаңа альбомының тұсаукесерінде болған, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Баланың жылаған даусын естіген жұлдыз шараны тоқтатып, әйелді залдан шығарып жібереді.
"Жылап отырған балаңызды алып, мына жерден шығыңыз... жүйкемді жұқартты. Шығыңыз", – деп айқайлады әртіс.
Тағы оқыңыз: Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Желі қолданушыларының бірі мұндай әрекетті қолдаса, енді бірі әнші өте дөрекі сөйлегенін айтып отыр.