Әлем

Батыссыз әлем: қазіргі ахуал қандай?

Батыс сарапшылары Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге "Батысты құлатуға" көмектесетіндерді атады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. 14 ақпанда Бавария астанасында басталатын Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы қарсаңында баяндама жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.

Себебі онда Ресейге жеке бөлім арналған – ресейліктер оны аса мұқият оқитыны түсінікті. Дегенмен баяндаманың негізгі тақырыбы – Батыс. Дәлірек айтсақ, оның жойылуы – және бұған кімнің кінәлілігі.

Бұл сұраққа жауап бермес бұрын проблеманың мән-жайы туралы қысқаша айтып кетсек.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жазушылар форумында тың ұсыныс жасады

Баяндама "Батыссыз" (Westlessness) деп аталады, және ол алғаш рет Еуропа-Америка сарапшылары әрең қабылдаған шынайылыққа арналған. Дәлірек айтсақ, әлем өзінен Батысты шығарып, онсыз өмір сүріп жатыр.

Бұдан не жаман – Батыстың өзі де "барған сайын батыстық болмай бара жатыр". Бұның бәрі өте жаман, себебі бұл тұрақсыздық, демократиялық құндылықтардан бас тарту және басқа да есептелмейтін апаттарды туындатады.

Тағы оқыңыз: Батыс елдері Ливияда бейбітшілік орнатушы кім екенін біледі - пікір

Авторлар Батыстың "игілікті" бомбылауынсыз қалған әлемді жоқтайды: "Сирияда Асад режимі мен ресейлік күштер ауруханалар және мектептерді әдейі атады, ал әскери қылмыстар күнделікті іске айналды.... Жақында Қытай, Иран мен Ресей Үнді мұхиты және Оман шығанағында алғашқы бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуларын өткізді...

Түркия мен Ресей Ливияда басымдық танытып отыр, және Жерорта теңізіне қарама қарсы жағалаудағы тұрақсыздық барған сайын Еуропаға ықпал етіп келеді…". Тағы сол сияқты. Толығырақ РИА Новости ақпарат агенттігінің материалынан оқи аласыздар.

Тағы оқыңыз: Сауд Арабиясы және Ресей: мұнай саласында не болып жатыр