Әлем

Қалалар туристерді несімен қызықтырады?

Атақты тарихи және мәдени орындары жоқ қала тұрғындары ерекше кейіпкерлер ойлап тауып, аңыздар шығарыпты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Ресейдің Ярослав облысында ойдан шығарылған 12 ертегі кейіпкері бар. Солардың және жергілікті тұрғындардың тапқырлығының арқасында бұл жерге келетін туристер саны мен ашылған жаңа жұмыс орындар саны жыл санап артып барады, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәселен, көпшілік Гаврилов-Ям шағын қаласына Атқосшы музейін көру үшін барады. Кезінде осында тұрған атқосшы Гаврил образындағы актер үйіне қонақтарды шақырады.

Ол көне тұрмыстық заттарды, ер-тұрманды көрсетіп, шанамен, арбамен немесе күймемен сырғанауды, аттарды сипауды ұсынады, бұған қоса таға соғуға да көмектеседі.

Тағы оқыңыз: Шетелдік туристер Мәскеу туралы не ойлайтынын айтты

Ал Ростов Великий қаласында Бақа ханшайым музейі, Кокубай ауылында Ертегі музейі, Ермаково ауылында Ряба тауығы музейі, Мышкин елді мекенінде Тышқан музейі, Великий Устюг қаласында Аяз ата музейі және Жаңажылдық ойыншық музейі, Кашин елді мекенінде Ботқа музейі бар.

Музейлермен қатар, әр мекеннің брендіне сай демалыс орындары, ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған. Бұның бәрі туристерді көбірек тартып, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті жерлерді дамытуға ықпал етіп келеді.

Тағы оқыңыз: Қостанайда екі бірегей фотокөрме ашылды

Ертегіге толы елді мекендер жайлы толығырақ РИА Новости материалынан оқи аласыздар.