НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Ресейде Ингушетия тұрғыны туған қарындасын өлтіргенін мойындады. Әйелдің денесі пәтерде табылған. Бірнеше жерден пышақ сұққан, деп хабарлайды РЕН ТВ арнасы.
Трагедиядан бір күн бұрын ол өзгелердің әйелін азғырып, кейін бопсалаумен айналысқан ер адамның жанында болған. Ер адам полицейлер ұстаған сәтте көз жұмды. Бұл видеоны әйелдің ағасы көрген.
Тағы оқыңыз: "Намысқа тиетін сурет": Теңіз елді мекеніндегі жаппай төбелестің мән-жайы
Алдын ала мәліметке сәйкес, полиция ұстаған уақытта әйелден бөлек, бір ер адам мен тағы екі әйел болған. Оларда есірткі партиясы табылған.