НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Америкалық актер Билли Портер "Оскар" премиясының 92-ші салтанатты рәсіміне көйлек пен биік өкшелі аяқкиім киіп келген. Әртіс шараға ерте келгендердің бірі болды.
Бұған дейін Билли Портер "Сезам көшесі" атты балалар шоуына қара көйлекпен барып, жұрттың ызасына тиген еді.
Тағы оқыңыз: "Өзге ұлтта дұшпаным жоқ, қазақтардың ісі": танымал актер атышулы видео жайлы айтты
Айта кетсек, 92-ші "Оскар" премиясы 10 ақпанға қараған түні Лос-Анджелесте өтті. Тұңғыш рет белгілі актер Брэд Питт "Однажды в... Голливуде" фильміндегі рөлі үшін "Оскарға" ие болды.