Оқиға

Қордайдағы қақтығыс: қаза болғандардың саны артты

Өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді. Бірнеше адам ауруханада жатыр, кейбіреуінің жағдайы ауыр екені хабарланды
Sputnik

СОРТӨБЕ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 9 ақпан – Sputnik. Жамбыл ауданы Қордай ауданындағы оқиға салдарынан қаза болғандардың саны 10-ға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Барлығы 10 адам көз жұмды, екеуі бүгін түнде ауруханада қайтыс болды, біреуінің кім екені анықталған жоқ", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Сортөбедегі штаб өкілдері.

Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.

Қордайдағы қақтығыс: қаза болғандардың саны артты

Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылады. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған.

Ішкі істер министрлігі 47 адам ұсталғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.