НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Оралда жасөспірімдердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды. Видео WhatsApp арқылы таралып кетті, деп хабарлайды "Мой город".
Жасөспірімдер тұңғыш президент алаңында төбелескен. Олардың жасы - 15-16 шамасында.
Төбелеске қатысушылар екіге бөлінген. Әр жақтан үш адамнан шығып, бір-бірін соққыға жыға бастады. Қалғандары бастапқыда араласпай тұрады. Бірі қарап тұрса, енді бірі телефонға түсірген. Екі жасөспірім жерге құлап, өзгелері басынан тебе бастаған кезде видео үзіледі.
Тағы оқыңыз: Қордай ауданындағы жаппай төбелестің видеосы
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелеске қатысқандардың аты-жөні анықталып жатқанын хабарлады. Кінәлілер жауапқа тартылады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.