Фото

Қақтығыстан кейінгі Масанчи ауылы – оқиға орнынан суреттер

Sputnik

7 ақпан күні 19:00-де Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылының шетінде 70-ке тарта тұрғын төбелескен. Оқиға орнына полицейлер келді. Қақтығысқа көрші елді мекендерден тағы үш жүзге жуық адам келіп қосылған.

Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған.

Тағы оқыңыз: Қордайдағы қақтығыс: Сапарбаев Қырғызстанға қашқандарға үндеу жасады

Алдын ала мәлімет бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде 25 жер үй, 31 коммерциялық нысан және 41 автокөлік өртеніп, зақымданған. Сондай-ақ, 10 адамның көз жұмғаны белгілі.

Масанчидің қазіргі көрінісі көңілге қаяу ұялатады – ауыл қираған. Айнала – өртенген үйлер мен дүкендер, иесіз көліктер.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерді Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіздер.

1 / 18
7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданында жаппай төбелес болды. Оның арты тәртіпсіздіктерге ұласып, салдарынан Масанчи мен Сартөбе ауылдары қирады. Зәресі ұшқан ауыл тұрғындары Қырғызстанға қашуға мәжбүр болды.
2 / 18
Sputnik Қазақстан тілшісі жантүршігерлік көріністерді суретке түсіріп алды. Ауылдың әр жерінен иесіз қалған көліктер, жанып кеткен үйлер мен дүкендер көрінеді.
3 / 18
Қордай ауданының бірқатар елді мекенінде жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс 7 ақпан күндіз басталып, 8 ақпан түнге дейін жалғасты.
4 / 18
ІІМ жаппай тәртіпсіздіктерге жолдағы жанжал себеп болғанын мәлімдеді.
5 / 18
Әлеуметтік желілерде тараған видеолар мен хабарламалар жанжалды өршітіп жіберген.
6 / 18
Қазір ІІМ арандатушылық ақпараттарды кім таратқанын анықтап жатыр.
7 / 18
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қордай ауданында қақтығыс салдарынан 10 адам көз жұмды.
8 / 18
Қақтығыстан кейін жергілікті тұрғындар Масанчи мен Сортөбе ауылынан қашты, үйлерде жарық жоқ.
9 / 18
Жаппай тәртіпсіздіктер барысында 30-дан астам жер үй өртенді.
10 / 18
15 сауда нысаны мен 23 автокөлік жанып кетті.
11 / 18
Қазіргі таңда 10 адамның көз жұмғаны белгілі.
12 / 18
ІІМ ақпаратынша, полицияның бес қызметкері жарақат алды, құқық қорғаушылар қару қолданбаған.
13 / 18
Ашу-ызаға толы жастар полицейлердің талабына бағынбай, оларға қарсы күш қолданған, деп хабарлады ІІМ-нен.
14 / 18
Жанжал көрші екі ауылға ұласып, нысандарға әдейі өрт қойылған.
15 / 18
165 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 25-і Қырғызстанда.
16 / 18
Қазір жағдай тұрақталды, 47 адам ұсталды, олардан екі аңшылық қару тәркіленді.
17 / 18
"Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және "Адам өлтіру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
18 / 18
Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Билік барлық үй мен нысандарды қалпына келтіруге, шығынды өтеуге уәде берді.