Қоғам

Ғалымдар жылы қыстың салдары туралы айтып берді

Мамандар тұрақтылықтың бұзылуы барлық ағзаларға кері әсерін тигізетінін алға тартып отыр. Ауа райының әдеттегіден жылы болуының өзге де салдары бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Қыстың тым жылы болуы салдарынан масалар жойылып кетуі мүмкін, деп хабарлайды "Известия".

Ғалымдар жәндіктер күн жылынған кезде оянып, азық таба алмағандықтан жойылып жатқанын айтып отыр.

Бұған қоса, масалардың балаңқұртын балықтар жейді. Ал масалардың жойылып кетуі қалыптасқан азықтану тізбегін бұзады.

"Құртшабақ, бақашабақ сынды балықтардың жағдайы алаңдаушылық тудырады. Өйткені олар масалардың балаңқұртын жейді. Салдарынан балықтардың саны азаяды", — дейді сарапшылар.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ақпан айында ауа райы қандай болады

Олардың айтуынша, жаһандық жылыну салдарынан өзендегі мұз еріп, тұрақтылықтың бұзылуы барлық ағзаларға кері әсерін тигізеді.