НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Көптеген мұнай компаниясы үшін бұл трансформациядан көретін өз пайдасы да бар: олардың да мұнай қоры салыстырмалы уақыт аралығында бітеді. Сондықтан қазірдің өзінде әрі қарай не істеуді ойлау керек, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл жағдайда түсіну керек бір жайт: осы бағыттағы мұнай саласының белгілі бір қадамдарына қарамастан қазіргі таңда мұнай мен газдың жасыл энергетикаға салымдар үлесі жалпы инвестициялар көлемінің біраз процентін ғана құрайды (ең кең мағынада: бірінші кезекте әзірге бұл жел стансалары және күн батареялары, бұған қоса, энергия сақтау мен басқа технологиялар). Инвестициялардың басым бөлігін әлі мұнай және газ құрайды.
Тағы оқыңыз: Әлемдік мұнай нарығы қайта бөліске түсе бастады
Грета Тунберг ұсынғандай, қазір қазба отын байлықтарына құйылатын инвестициялардан бір сәтте бас тарту мүлдем мүмкін емес.
Егер бұндай бас тарту болып қалса да, біз бірден мұнай тапшылығына тап болушы едік. Қазірдің өзінде жұмыс істейтін ұңғымалардан мұнай шығару деңгейі жылдам төмендеп барады.
Сондықтан мәселе компаниялар болашақта жасыл энергетикаға қаншалықты тез көшетінінде ғана тұр. Жасыл экономикаға құйылатын жыл сайынғы инвестициялар үлесі сақтала ма немесе біз күн сайын оның біртіндеп артатынына куә боламыз ба?
Мұнай таусылғаннан кейін не болады? Толығырақ РИА Новости материалынан оқи аласыздар.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда қаңтардан бастап бензин бағасы өсті