Кенжебек Жанәбілов ұлды болды

"МузАРТ" тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің жанұясында төртінші сәби дүниеге келді. Енді олар көпбалалы отбасылар қатарына қосылды
Sputnik

АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. "МузАРТ" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов енді көпбалалы әке болды. Әншінің жары төртінші сәбиін дүниеге әкеліп, көпбалалы жұлдызды жанұялардың қатарына қосылды. Бұл жаңалықты ол Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Сүйінші ағайын!!!! Жұма күні ұл сыйлағаныңа сансыз шүкір, Раббым! Алладан басқа жоқ тәңір! Төреш, сен ұсынған #челлендж2020 аяғы осындай болды!", - деп қуанышымен бөлісті Жанәбілов.

Әншінің әріптесі Сәкен Майғазиев "Сүйінші, ағайын! Қасиетті жұма күні Кенжебегіміз бен Жәмиламыз ұлды болды! Құлыншағымыз нағыз ер азамат болып өссін", - деп тілек білдірді.

Кенжебек Жанәбілов 1982 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Шу ауылында дүниеге келген.

"МузАРТ" тобының мүшесі 2007 жылы шаңырақ құрған. Оның айтуынша, жары Жәмиләмен отбасылық кеште танысқан.

Көпбалалы әке атанған Кенжебектің Ахмет есімді ұлы, Карима және Калима есімді егіз қызы бар.