НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, жылбысқы қар жауады, қатты жел соғып, ауа райы біршама жылиды. Түнде ғана емес, күндіз де ауа температурасы минус 6… плюс 5 градус аралығында болады", - деп хабарлады Қазгидромет инженер-синоптигі Сәуле Смағұлова.
Бұған қоса, осындай жоғары температура мен жауын-шашын салдарынан көктайғақ және тұман болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста да жаңбыр, жылбысқы қар жауады, күндіз ауа температурасы плюс 5…10°С дейін, оңтүстікте плюс 12…18°С дейін көтеріледі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 8…16°С-қа жоғары болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
7 ақпанда түнде минус 6 градус, күндіз 0 градус. Қар жауып, жел соғады.
8 ақпанда түнде 0 градус, күндіз плюс 3 градус. Күн бұлтты, 9-15 м/с жел соғады.
9 ақпанда түнде минус 3 градус, күндіз 0 градус. Қар жауады.
Алматы
7 ақпанда түнде плюс 1 градус, күндіз плюс 6 градус. Күн ашық болады.
8 ақпанда түнде плюс 3 градус, күндіз плюс 9 градус. Күн ашық.
9 ақпанда түнде плюс 5 градус, күндіз, плюс 13 градус. Күн ашық болады.
Шымкент
7 ақпанда түнде 0 градус, күндіз плюс 14 градус. Күн ашық.
8 ақпанда түнде плюс 2 градус, күндіз плюс 20 градус. Күн ашық болады.
9 ақпанда түнде плюс 10 градус, күндіз плюс 19 градус. Жаңбыр жауады. 7-20 м/с жел соғады.