Қоғам

Аяғын сындырып алған Қазақстан азаматы Мәскеуден отанына оралды

Қазақстан азаматы Склифосовский атындағы жедел медициналық көмек институтынан әуежайға жеткізіліп, үйіне қайтарылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің көмегімен Роман Измаилов атты Қазақстан азаматы елге оралды.

Жеке шаруасымен Ресей астанасына жол тартқан Измаилов аяқ астынан оқыс оқиғаға тап болып, жарақат алып қалған. Жиылмалы сатыдан құлап, аяғын сындырып алыпты.

"Оның ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түскен күні елшіліктің консулдық бөлімі қызметкерлері дереу Склифосовский атындағы жедел медициналық көмек институтына жолықты", - деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қзыметі.

Айта кетейік, ресейлік дәрігерлер Қазақстан азаматына уақытылы және барынша толық медициналық көмек көрсетті. Олардың үйлесімді жұмысы Измаиловке сауығып, отанына тезірек қайтуына үлкен ықпал етті.

Сонымен қатар, елшілік билеттерді сатып алу және Роман Измаиловты әуе көлігімен Қазақстанға тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселелерді тез арада қолға алды. Нәтижесінде отандасымыз медициналық мекемеден "Домодедово" әуежайына жеткізіліп, Қазақстанға сәтті оралды.