Әлем

Қала басшысы дәмханада болған сұмдық жағдай туралы ойын айтты - видео

Ғимараттың шатыры жиналып қалған қарды көтере алмай, опырылып жерге құлаған. Барлығы ғимаратта екі жүзге жуық адам болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан - Sputnik. Ресейдің Новосибирск қаласында дәмхананың шатыры құлады. Бір адам көз жұмып, төрт кісі ауруханаға жеткізілді. Қала басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ғимарат көп адамның қатысуымен шара ұйымдастыруға арналмағанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Прокуратура ғимараттың қандай ұйымға тиесілі екенін анықтады. Ғимарат көп адам қатысатын шараларды ұйымдастыруға арналмаған. Оның дұрыс мақсатта қолданылмағаны белгілі болды", – деп жазды ол.

Қала басшысының айтуныша, ұйымдастырушылардың жауапсыздығы ондаған адамның өміріне қауіп төндірген.

Тағы оқыңыз: Атырау облысында полицейлер дәмхана иесін сабап тастады - видео

Түнгі клубтың шатыры жиналып қалған қарды көтере алмай, опырылып жерге құлаған. Барлығы ғимаратта екі жүзге жуық адам болған. Төтенше жағдай болған кезде 190 адам өздері далаға шыққан. Түнгі кештің ұйымдастырушылары ұсталды.