Әлем

"Қатты қорықтым": белгілі әншінің қызы анасы туралы бар шындықты жайып салды

Телеарнаның студиясында ол анасымен қарым-қатынасын бұзуға қорқатынын жеткізді. Алайда "үндемей қалу" бұдан да қорқынышты деп санайтынын жасырмады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Белгілі ресейлік әнші Любовь Успенскаяның қызы Татьяна Плаксина НТВ арнасындағы "Звезды сошлись" шоуының тікелей эфирінде анасы өзін қалай азаптағанын айтып берді. 

Телеарнаның студиясында Плаксина анасымен қарым-қатынасын бұзуға қорқатынын жеткізді. Алайда "үндемей қалу" бұдан да қорқынышты екенін айтады. 

"Ол есікті құлыптап, мені тұншықтыра бастайтын", - деді әншінің қызы. 

 

Татьяна Плаксина — Любовь Успенскаяның жалғыз баласы. Ол әншінің төртінші некесінде туған.

Алайда Успенская өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызымен бірге түскен суреттерін жиі жариялайды. Олардың мерекелерді бірге атап өтетінін көруге болады.